RU
ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студент жер қойнына берілді
Жаңалықтар Қоғам

ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студент жер қойнына берілді

Рассказать Вконтакте

26 қыркүйекте Нұрдос Айтбаевтың достары мен туыстары оны ақтық сапарға шығарып салды. ҚазҰУ жатақханасында қайтыс болған жігіттің денесі Екібастұзда жерленді. Оның өліміне себеп болған синтетикалық препарат болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Студенттің өліміне нақты ненің себеп болғанын сарапшылар қорытындысы көрсетеді.

Нұрдоспен қоштасуға келгендер оның зиянды зат қолданғанына сенбейтіндерін айтады. Себебі ол ешқашан ішіп-шекпейтін, өзгеге де, өзіне де зиян келтірмейтін азамат еді дейді.

Кей болжамдар бойынша, 24 қыркүйек күні Нұрдостың досы әлеуметтік желіден "элиталық темекі" сатып алады. Осыдан кейін жігіт те марқұм болған. Енді гистология марқұмның қандай зат қабылдағанын анықтайды.

Бұл жағдай қазақстандықтарға синтетикалық есірткі мәселесін тағы бір ойлануға сеп болып отыр. Аталмыш затпен күрес елімізде жыл сайын жүргізіледі. Алайда бірінің көзі жойылса орнына басқасы шығып, оны түбегейлі тоқтату мүмкін болмай келеді.

"Еркін адамдар" сауықтыру орталығының директоры Антон Гордеев қазір есірткіні сатып алу үйге тамаққа тапсырыс бергеннен де жеңіл деп отыр.

"Ол үшін смартфоны бар кез келген адам Telegram мен QIWI орнатып алса болғаны. Тіпті үйден шықпай-ақ қоюға да болады", - дейді ол.
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Басылымның мәліметінше, есірткі заттарын қолданатын адамдар әсіресе 14-28 жас аралығындағылар екен.

Еске салсақ, 19 жастағы студент жігіт Қазақ Ұлттық университетінің жатақханасында көз жұмды.

Дәрігерлер оның белгісіз препараттан уланып қалуы мүмкін деп отыр.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel