RU
Ақтөбеде терактіден қаза тапқан содырлардың әйелдері не істеп жүр?
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде терактіден қаза тапқан содырлардың әйелдері не істеп жүр?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде діни сауатсыздық пен жат ағым жетегінде жүрген 200-ге жуық келіншек спорттық шараларға шақырылып, тегін медициналық тексеріске жолдама алды. Олардың қатарында теракт кезінде қайтыс болғандардың жесір келіншектері және өмір бойына бас бостандығынан айырылған содырлардың әйелдері бар деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі теракт. 2016 жыл. Фото: aktobenews.kz

Ақтөбедегі теракт. 2016 жыл. Фото: aktobenews.kz

"Дәстүрлі емес діни көзқарастағы азаматтардың әйелдері, оның ішінде 2016 жылы қанды қақтығысқа қатысып, мерт болған және өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтардың жесір әйелдерімен тиімді жұмыстар қолға алынды. Әйел қауымының теріс ағымдарға бет бұруына әлеуметтік желідегі теріс насихат, діни сауаттың төмендігі, психологиялық тәуелділік пен сенгіштігі әсер ететіні белгілі.

Дін істер басқармасы, "Аңсар" ақпараттық- талдау орталығы облыстық мешітпен бірлесе отырып ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізуде. Дәстүрлі емес көзқарасты ұстанатын әйелдердің басым көпшілігі құранмен таныспаған. Олардың діни білімін жетілдіру үшін дәрістер өткізілуде",-дейді әйелдерді қолдау орталығының басшысы Айгүл Дүйсенова.

Ақтөбедегі әйелдерді қолдау орталығын жүргізіп отырған мамандар ер адамдарға көрінгісі келмейтін келіншектердің қоғамнан алыстап кеткенін айтты.

"Дәстүрлі емес көзқарастағы әйелдердің жұмыс істеуден бас тартатыны белгілі. Ал жұмысқа орналасқысы келетіндердің кәсіби біліктілігі жоқ. Шектеулі діни көзқарасына байланысты ер азаматтар бар жерде жұмыс жасауды құптамайды. Сол себепті аспаздық, шаштараз, тігін курстарында оқытып, жұмыс табуға мүмкіндік беретін 89 адамға куәлік табыстадық. Нәтижесінде аспаздық курсын бітірген қыздарымыз жергілікті мейрамханаларға жұмысқа орналасты.

Әйелдердің қоғаммен қарым-қатынас құру мәселесі де өзгерді. Олар туыстарынан байланысын үзген, қоғамның даму үрдісінен ажырап қалған. Сол себепті спорттық шараларға тартып, бассейн, фитнес залдарға шақырып, медициналық тексеруден тегін өтетін жолдамалар берудеміз. Осы шеңберде 195 әйелмен жұмыс істедік",-дейді Дүйсенова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel