RU
Қазақстандықтар тамызда дүкендер мен базарларда триллион теңге жұмсаған
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар тамызда дүкендер мен базарларда триллион теңге жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Тамызда қазақстандықтар саудаға 963,2 миллиард теңге жұмсаған. Бұл көрсеткіш шілде айына қарағанда 7,7 пайызға, 2017 жылдың тамыз айына қарағанда 19,5 пайызға көп деп хабарлайды Ranking.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: m.ura.news

Көрнекі фото: m.ura.news

Мамандар жүргізген зерттеуге сәйкес, өткен жылы шығынның 34,9 пайызын, ал биыл 40,5 пайызын құраған Алматы мен Астана қалалары құрап отыр.

2018 жылы халық азық-түлік тауарларына шығындардың тек 32 пайызын жұмсапты. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 36 пайыз болған еді.

Нарықтағы саудагерлер қатарында жеке кәсіпкерлердің үлесі төмендеп барады. Олар өткен жылы 48 пайыз деңгейді көрсетсе, биыл бұл көрсеткіш 44 пайызға түсіп кеткен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бөлшек саудасының жалпы көлемінен тек 10 пайыз көрсеткіш қана ауылды жерлерде тиесілі екен. Ал тамыз айының басында қала тұрғындарының тұтыну деңгейі барлық қазақстандықтар саудасының тек 57,6 пайызын құрапты.

Ресми кассада 90,4 пайызбен тіркелген тауарларды есепке алғанда, бөлшек саудаларының орташа чегі қала тұрғындарына тиесі болған.

Тамыз айында әрбір қала тұрғыны базар мен дүкендерге орташа есеппен 91,5 мың теңге тастаған.

Бұл шілде айына қарағанда 7,7 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға көп.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel