RU
Нұртөре Жүсіп қазіргі жастардың білімсіздігіне күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Нұртөре Жүсіп қазіргі жастардың білімсіздігіне күйінді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада өңірлік БАҚ форумы өтуде. Оған белгілі журналистер мен белгілі БАҚ редакторлары қатысты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Нұртөре Жүсіп. Скриншот YouTube-тан алынды

Нұртөре Жүсіп. Скриншот YouTube-тан алынды
Source: UGC

Жиында "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп дəстүрлі БАҚ мен жаңа медиа тақырыбында ой өрбітті. Бас редактор бүгінгі жас тілшілерге көңілі толмайтынын жеткізді.

"Өткенде "Жастар жүгенсіз" кетті деген тақырып қойдым. Сонда жастардан "жүген" деген сөздің мағынасын сұрадым. Сенесіздер ме, ешкім білмеді. Сонда ат əбзелдерін білмейтін жастардан не күтесіз?", - дейді журналист.

"Қазір əлемде 6-7 миллиард адам болса, солардың жартысынан көбі интернетті пайдаланады. Қазіргі жастар бүкіл ақпаратты телефонға шұқшиып отырып, оқитын болды. Тіпті өз тойларында өздері тікелей эфир жүргізетін жағдайға жетті", - деді бас редактор.

Сонымен бірге ол, орыс тілінде сөйлейтін жастарды да сынға алды.

"Өткенде телефоныма "Каксыз?" деген хабарлама келді. Бұл не десем, "Қалыңыз қалай?" деген мағынаны білдіреді екен. Қазір Қазақстанда 10 мыңнан астам сайт бар. Солардың тек 10% пайызы ғана қазақ тілді сайттар екен. Сондықтан айтарым, осындай жаһандық өзгерісте дəстүрлі медиа өлмейді. Ол ұлттың үні болып қала береді", - деді Нұртөре Жүсіп.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel