Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Бахридинов: NUR.KZ жаңалықтарының 60 пайыздан астамын редакция дайындайды

Опубликовано:

Бүгін Астанада "Өңірлік БАҚ" медиа форумы өтуде. Оған еліміздегі белгілі медиаменеджерлер мен журналистер қатысты. NUR.KZ порталының бас директоры да атаулы шарадан қалыс қалмады. Білікті медиаменеджер еліміздегі оқырманы ең көп порталдың қалай жұмыс істейтінін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ-тің бас директоры Қуат Бахридинов
NUR.KZ-тің бас директоры Қуат Бахридинов: UGC

Медиаменеджердің айтуынша, бүгінде Қазақстанның жарнама нарығындағы табыс 200 млн долларды құрайды екен. Олардың 25 млн-ы еліміздегі интернет медианарығына тиесілі екен.

"Жаңа ғана əріптесіміз Нұртөре Жүсіп Қазақстанда 10 мыңнан астам сайт бар екенін айтты. Олардың ішінде тек 10 пайызы ғана қазақ тілді сайттар екен. Айтайын дегенім бүгінде біздегі қазақ тілді аудиторияның саны 2 млн-нан асты. Бұдан аталған аудитория өзіңіз атап өткен қазақ тілді аудитория жəне олардың денін жастар құрап отыр", - деді бас директор.

Сонымен бірге білікті медиаменеджер Қытайда осыдан біршама жыл бұрын өз жұмысын бастаған Toutiao жобасын мысалға келтірді.

"Аталмыш компанияның басты ерекшелігі онда 1000-нан астам IT мамандары жұмыс жасауда. Яғни контенттің 90 пайыздан астамын жалған интеллект жасап отырса, тек қалған 10 пайызын ғана журналистер толтырып отыр. Күн сайын 150 млн адам тұтынып отырса, ай сайынғы аталмыш көрсеткіш 300 млн-нан асып отыр", - деп түсіндірді Қуат Бахридинов.

Бас директордың сөзінше, алдағы уақытта əлемдегі ақпараттық алаңды адамдар емес, жалған интеллект толтыратын көрінеді.

"Мұның бірден-бір дəлелі жаңа мен айтқан қытайлық Toutiao жобасы болып отыр. Олар алдағы уақытта Батыс Еуропа жəне АҚШ нарығын жаулауды көздеуде. Өкінішке орай, бізде бүгінде ондай IT мамандар тапшы", - дейді бас директор.

Сөз соңында білікті Қуат Бахридинов еліміздегі оқырманы ең көп порталдың қалай жұмыс істейтінін жəне оның құрылу тарихына тоқталып өтті.

"2009 жылы біз бастапқыда "My NUR" желісін құру арқылы өз жұмысымызды бастадық. Алайда кейін бұл жоба аса сəтті болмағандықтан, біз жаңалықтар жаршысы болуға көштік. NUR.KZ-те күніне 100-300-ге жуық жаңалық шығады. Олардың 60 пайыздан астамын редакция журналистері жасап отыр, қалған бөлігі рерайт жасау арқылы жасалалатын жаңалықтар", - деп сөзін қорытындылады медиаменеджер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754955-kuat-bahridinov-nurkz-zaalyktaryny-60-pajyzdan-astamyn-redakcia-dajyndajdy/

pixel