RU
Шымкентте 30 жастағы полицей клиникада қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 30 жастағы полицей клиникада қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

25 қыркүйек күні Шымкенттегі жекеменшік клиникалардың бірінде екпе салдырған 30 жастағы азамат қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ол қабылдайтын дәріге медбикелер сынама жасамаған деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Орда бұзар жасқа жеткен азамат келіншегімен отбасы құрғанына бес жыл өтсе де, перзент сүйе алмай жүрген. Сондықтан жеке клиникада ем қабылдап, балалы болсам деген ойы болыпты.

Марқұм 25 қыркүйек күні Әлия Молдағұлова көшесіндегі клиникаға жарымен бірге барған.

"Нұсқауды  осы мекеменің дәрігері берді. Оның лицензиясы бар ма, жоқ па, білмейміз. Медбике алғашында екпе жасамадым деп өтірік сөйледі. Кіріп барсам, жамбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. Төрт күн бұрын келгенде "проба" жасаймыз деген. Ал пациент менде реакция болмайды деген соң, сынамасыз салып жіберіпті", - деп ашуланды марқұмның туысы Нұршат Байшымырова.

Клиникада сынамасыз екпенің алтауын бір-ақ салдырған азамат келіншегіне өзін нашар сезініп тұрғанын айтады. Сонда медбикелер келесі тамызғыш дәріні оның тамырынан салыпты.

"Екі пакет укол алып келген. Осыны қабылдасаңыз, әйеліңіз босанды деген. Келіншегі гинекологияға кіріп кеткен. Бұның жамбасына алты ине  салған. Сол кезде, ол: "Әсия мен өзімді жаман сезініп бара жатырмын", — деген. Сөйтсе, дәрігер тағы да жатқызып қойып, "система" салған. Сол кезде жігіт кетіп қалған", - дейді Нұршат Байшымырова.

Әл-Фараби аудандық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қаза тапқан азамат Шымкент қаласындағы Ішкі істер департаментінің қызметкері екен.

Оның өліміне нақты не себеп болғанын құқық қорғау органдары анықтауда.

Қазір аталмыш іске қатысты Қылмыстық кодекстің 317 бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel