RU
Полицей өз әріптесін атып өлтірген: Қасымов оқиғаның мән-жайын айтты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Полицей өз әріптесін атып өлтірген: Қасымов оқиғаның мән-жайын айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматы қаласының жергілікті полиция қызметіндегі төтенше жағдай туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: kerek-info.kz

Қалмұханбет Қасымов. Фото: kerek-info.kz
Source: UGC

Алматы қаласындағы атыс туралы мәлімдеген министр оқиға кезекшілікті өткізу мен қабылдау уақытында болғанын айтты.

"Сағат 21:00-де жәбірленуші қайтыс болды. Бұл жағдайға қатысты "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды" , - деді Қасымов.

Министр бұл фактіге байланысты жеке қауіпсіздік департаменті де қызметттік тексеріс жүргізіп жатқанын жеткізді.

"Басқа мәліметтерді тергеу жұмысы аяқталған соң жариялайтын боламыз", - деді ол.

Ішкі істер министрі NUR.KZ тілшісінің "Жергілікті полиция қызметінде екі қызметкердің бір-біріне деген салқын қарым-қатынасын білгендер бар ма?" ,- деген сұрағына жауап берді.

"Әрине, бұл туралы да тергеу барысында анықтайтын боламыз. Олар психологтарға барған болуы керек" , - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Алматыда жергілікті полиция қызметінің инспекторы өз әріптесін атып жіберген.

Кейіннен жәбірленуші полицейдің туысы болып шыққаны анықталды.

Өкінішке орай, ақ халаттылар тәртіп сақшысының өмірін құтқарып қала алмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel