RU
Журналист: Қайрат Нұртас Дима Билансыз-ақ танымал болды
Жаңалықтар Қоғам

Журналист: Қайрат Нұртас Дима Билансыз-ақ танымал болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін елордада өтіп жатқан "Өңірлік БАҚ" форумында өңірлік БАҚ басшыларының бірі қазақ жəне орыс тілді журналистиканы салыстырмау қажеттігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Журналистің сөзінше, аталмыш форумды желі қолданушыларының арасында орыс тілінде өтті деп сөгіп жатқандар бар екен. Бірақ ол мұндай пікірден аулақ болу керек деп санайды.

"Кеше ғана Facebook əлеуметтік желісінде аталған форум орыс тілінде өтіп жатыр деген сынды естіп жатырмыз. Осыған орай менің айтарым, қазақ жəне орыс тілді БАҚ-ты салыстыруды қояйықшы. Сол үшін орыс тілді БАҚ-ты кінəламайық", - дейді ол.

Журналист осы орайда Қайрат Нұртас пен Дима Биланды мысалға келтіріп, халыққа БАҚ арақатынасын барынша түсіндіруге тырысты.

"Қайрат Нұртас Дима Билансыз-ақ танылды ғой. Қазір қаншама жастар оны тыңдайды. Сондықтан қазақ тілді БАҚ-тың болашағы жарқын, аудиториясы бар", -дейді журналист.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel