RU
Алматыда әріптесін атып өлтірген полицей әпкесі үшін кек алмақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда әріптесін атып өлтірген полицей әпкесі үшін кек алмақ болған

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов полиция қызметкерінің өз әріптесіне не себепті оқ атқанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ
Source: UGC

Министрдің сөзінше, айыпталушы азамат марқұммен кезекшілікке келген уақытта кездескен.

"Кінәлі тұлға кешке кезекшілігіне келіп, қаруды алған және көлігін алу үшін гаражға барады. Онда өзінің туысы келеді - бұл оның әпкесінің күйеуі", - дейді Қасымов.

Белгілі болғандай, марқұмның отбасында бірнеше ай бұрын келіспеушіліктер орын алған. Дәл сол жағдай екі полицейдің араздығына алып келген.

"Марқұм азаматтың үш баласы бар. Бірақ ол үйінен кетіп, алты ай бойы айыпталуышының әпкесімен бірге тұрмаған. Бар мәселе сонда", - дейді министр.

Екі туыс-әріптестер арасындағы араздық тапаншадан оқ атумен аяқталады.

Еске салсақ, 26-шы қыркүйекте Алматыда полиция қызметкері әріптесін қарумен атқаны хабарланды. Кейінірек айыпталушы мен марқұмның туыстық қатынаста екені анықталды.

Ал кеше 22-00 шамасында жәбірленуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов оқиғаның мән-жайын айтты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel