RU
"Хабар" арнасының журналисі Галина Полевая ауыр дертке шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

"Хабар" арнасының журналисі Галина Полевая ауыр дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Белгілі спорт журналисі әрі комментатор Галина Полевая ауыр дертке ұшырады. Бұл туралы Facebook желісінде журналистің қызы Анастасия Вылегжанина хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Галина Полевая. Фото: Facebook

Галина Полевая. Фото: Facebook

Анастасияның айтуынша, олар көп уақытқа дейін анасының қатерлі дертке шалдыққан жасырып келген. Алайда, ауру дендеп бара жатқанын білген соң көпшіліктен қаржылай көмек сұрай бастады.

«2017 жыл біздің отбасымыз үшін өте ауыр өтті. Осы жылдың ақпанында анам Галинаның қан обырына шалдыққанын білдік. Төбемізден жай түскендей болды.

Анам 20 жыл бойы «Хабар» арнасында спорт комментаторы болып қызмет етті. Оның 15 жылында күн сайын 21:30-да өтетін жаңалықтарды жүргізгенін көпшілік біледі. Бүгін ол баршаңыздан көмек күтіп отыр. Өйткені, аурумен жалғыз күресу бізге мүмкін болмай тұр.

Анамды елімізде ешкім емдей алмайды. Ал шетелдік мамандар жілік майын ауыстыру керектігін айтты. Қазақстанда мұндай отаны 50 жасқа дейінгілерге жасайда. Ал анам алпыста. Сондықтан, бар үмітіміз шетелде боп тұр.

Анам өмір сүргісі келеді. Жақсылықтың боларына, жазылып кетеріне сенеді. Қайырымды жандар, көмектесіңіздерші», - дейді журналистің қызы Анастасия.

Көмек көрсетем деушілерге арналған ақпарат:

Галина Полевая, 60 жаста

Диагнозы – қан обыры

Есепшот қызының атында (Вылегжанина Анастасия Сергеевна)

Halyk bank (тг): 4390 8722 0191 7707

Kaspi Gold (тг): 5169 4931 6910 9462

Сбербанк ($): 5392 1500 0135 2044

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel