RU
Алматыда әріптесін атқан полицей жайлы сұмдық жайттың беті ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда әріптесін атқан полицей жайлы сұмдық жайттың беті ашылды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Алматы қаласында полиция лейтенанты Азамат Берістемовтің өз әріптесі, капитан Сәбит Бегланұлын не үшін атқаны белгілі болды деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Азамат Берістемов оқыс оқиғаға дейін 40-50 минут бұрын өзінің кезекшілігі кезінде табельді қаруды алған.

Азамат қызметтік гаражға бет алған сәтте өзінің күйеу баласын жолықтырып қалады.

Алғашқы болжамдар бойынша, екеуінің арасында отбасылық дау туындаған. Қайтыс болған Бегланұлы өзіне оқ атқан Берістемовтің әпкесіне үйленіп, бірнеше ай бұрын өз үйінен кетіп қалған көрінеді.

Мәлімет бойынша, капитан Бегланұлы қаруды бірінші рет басып қалған. Ал Берістемов жауап ретінде оқ атқан екен.

Шекесіне тиген оқтан Сәбит Бегланұлы ауруханада көз жұмған.

Айта кетейік, күйеу баласын атқан Азамат Берістемов биылғы жылы өз қызметкерінің қолынан қаза тапқан полковник Бердібек Берістемовтің ұлы болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
4
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel