RU
Назарбаев сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев

Фото: Ақорда

Кездесу барысында мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сартаев ант қабылдады.

Назарбаев

Фото: Ақорда

Кездесу соңында Қазақстан президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елбасы бүгін "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директорын тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel