RU
Танымал сарапшы: Төл теңге рекордтық деңгейде құлдырайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Танымал сарапшы: Төл теңге рекордтық деңгейде құлдырайды

Рассказать Вконтакте

Теңгенің тарихи құлдырауына аз уақыт қалды. Бұл туралы "Альпари" компаниясының директоры мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: abctv.kz

Көрнекі фото: abctv.kz
Source: UGC

Александр Разуваевтың пікірінше, доллар бағамы жақын арада 400 теңгеге дейін қымбаттайды. Оған Ресейдегі мөлшерленген әлсіз рубль саясаты сеп болуы мүмкін.

Сарапшы теңге мен рубльдің қашаннан тығыз қаржылық байланыста екенін айта келе, көрші елдер экономикасының да ұқсаc үлгіде құрылғанын атап өтті.

Ал Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев өз кезегінде ұзақ мерзімде теңгені айырбастау курсы Қазақстанның төлем балансымен тікелей байланысты екенін айтып, рубль мен теңгенің өзара тәуелділігі - уақытша құбылыс деген болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
3
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel