RU
"Араб емес, қазақпыз": Назарбаева жаңа заң жобасы жайлы пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Араб емес, қазақпыз": Назарбаева жаңа заң жобасы жайлы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, сенатор Дариға Назарбаева бет-ауызды тұмшалап, адамнің келбетін тануға мұрша бермейтін киімдерге заңмен тыйым салатын жоба туралы өз ойын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Араб емес

Дариға Назарбаева. Фото: alau.kz

"Біз араб емес, қазақпыз. Мен осыны айтқым келеді…

Көбіміз қысқа шалбар киген сақалды адамдарды көргенде, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, кейде тіпті экстремистік көзқарастағы адам деп қабылдаймыз.

Жалпы, менің пікірімше, біздің заңнамамыз өте либералды. Барлық дінге демократиялық көзқараспен қараймыз. Ешкімге қысым көрсетілмейді.

Егер діни көзқарас қоғамды дамытуға бағытталып, толеранттылық пен бейбітшілікті, тыныштықты насихаттаса, онда бұл жақсы емес пе?" — деді Назарбаева сенат оқылымында.

Айта кетсек, бүгін сенат депутаттары екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel