RU
Футболшылар пенальти бермеген төрешіні аяусыз соққыға жықты
Жаңалықтар Спорт

Футболшылар пенальти бермеген төрешіні аяусыз соққыға жықты

Рассказать Вконтакте

Индонезияда «Гресик Юнайтед» пен «Персива Вамена» командалары арасында өткен біріншілікте футболшылар пенальти бермей қойған төрешіні сабап кетті. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz
Source: UGC

Ойын соңында екі топтың да ұпай саны тең болып, төреші қонақ команданың қақпасындағы 11 метрлік белгіні көрсеткен. Бұл шешім "Персива" ойыншыларының ашуын келтіріп, оған қарай жұдырық ала жүгірген.

Нәтижесінде төреші бірнеше соққы алып, жерге құлады.

Осыдан кейін төбелесті бастаған екі футболшы ойыннан шығарылды. Алайда айып добы туралы шешім өзгеріссіз қалып, "Герсик Юнайтед" командасына жеңіс алып келген.

Енді ашуға бой берген жігіттер Индонезиядағы футбол федерациясының қатаң жазасын алады. Ең аз дегенде олар бір жылға кәсіби дәрежедегі ойыннан шеттетілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel