RU
Түркістан облысында ауыл тұрғыны көршісіне пышақпен тап берген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында ауыл тұрғыны көршісіне пышақпен тап берген

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ер адам көршісінің мойнына пышақ сұғып алды. Қызылқия ауылының 52 жастағы тұрғыны спирттік ішімдікке сылқия тойып алып көршісіне тап берген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында ауыл тұрғыны көршісіне пышақпен тап берген

Көрнекі фото: vestikavkaza.ru

Екі көрші арасында бұған дейін бас араздығы бар екендігі анықталды. Мойнынан пышақ жарақатын алған 1966 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілген.

Қазір күдікті қамауда. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 24 бабы, 99 бабының 1-ші бөлігі, яғни "қасақана кісі өлтіруге ұмтылу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазығұрт аудандық сотының қаулысымен тергеу кезінде күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция берілді", - дейді Қазығұрт аудандық сотының судьясы Гүлмира Рахымбаева.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel