RU
Қарағандыда кішкентай қызды зорламақ болған азамат қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда кішкентай қызды зорламақ болған азамат қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Қарағандының Октябрьск ауданында қырағы куәгер полицейлерге педофильді құрықтауға көмектесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: stav.aif.ru

Көрнекі фото: stav.aif.ru

Қыз Майқұдықтағы 14-шағын ауданда №13 үй жанынан өтіп бара жатқан. Онда бұталар арасынан ересек азаматтың 8-10 жас аралығындағы кішкентай қызға тиісіп жатқанын байқап қалады.

Осыны көрген соң куәгер бірден полицияға хабарласқан. Ал ер адам оқиға орнынан қаша жөнеліпті.

"Тәртіп сақшылары келіп, үйлер арасын қарады, барлығынан не көргендерін сұрап шықты. Содан кейін күдіктіні гараждан таптық деп бізді қуантып қойды. Ол сонда жасырынып отырған екен", - дейді Гүлмира Әбішева.

Қазір полиция қызметкерлері ер азаматтың бұталар арасында қызға не істегенін анықтап жатыр. Онда болған кішкентай қыз тәртіп сақшылары келгенше қашып кеткен. Енді оның өзі де іздестірілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel