RU
Алматыда қалалық ауруханадан өрт шығып, 102 адам эвакуацияланды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда қалалық ауруханадан өрт шығып, 102 адам эвакуацияланды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 27 қыркүйек күні, сағат 16:15-те Алматы қалалық ТЖД-нің "101" бөлімшесіне Бостандық ауданындағы Жандосов көшесінде орналасқан мекемеден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда қалалық ауруханадан өрт шығып, 102 адам эвакуацияланды

Көрнекі фото. www.kp.kz

Өрт сөндіруші қызмет оқиға орнына сағат 16:28-де жеткен.

Анықталғандай, қызыл жалын аталмыш мекенжайдағы қалалық аурухананың компьютерлі томография кабинетінен шығыпты.

Тілсіз жау сағат 16:37-де ауыздықталып, 16:49-да толық өшірілген.

Өртенген аумақ 1,5 шаршы метрді құрайды.

Айта ктеерлігі, оқиға орнынан 102 адам эвакуацияланған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel