RU
Күш сынасу үшін күрескен азамат досын абайсызда өлтіріп алды
Жаңалықтар Әлемде

Күш сынасу үшін күрескен азамат досын абайсызда өлтіріп алды

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Саранск қаласының тұрғыны танысымен күшін салыстырамын деп оны абайсызда тұншықтырып өлтірген. Енді азамат бір жылын түзеу мекемесінде өткізеді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Vkurse.md

Көрнекі фото: Vkurse.md
Source: UGC

Тергеу комитеті ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың 13 тамызында Саранск тұрғыны өзінің танысына "күресіп, күш сынасайық" деген ұсыныс айтады.

Жекпе-жек кезінде азамат физикалық күшінің мықтылығын көрсетпек болып, "гильтоин" әдісін қолданған. Ол 2,5 минут бойы қарсыласын тұншықтырып тұрады.

Нәтижесінде жәбірленушінің ұйқы тамырын қатты басып қалып, ол механикалық асфиксияға түседі. Айыпталушы танысын босатқан сәтте ол ес-түзсіз жерге құлай кетіпті.

Жекпе-жекті олардың досы видеоға түсіріп тұрған.

Енді азамат абайсызда кісі өліміне себепкер болғаны үшін айыпталып, сот шешімімен бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, жәбірленушінің отбасына 1 миллион рубль өтемақы төлейтін болды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel