RU
Дұрыстап тамақтандыр: "Air Astana" жолаушысы бортта шу шығарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Дұрыстап тамақтандыр: "Air Astana" жолаушысы бортта шу шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Air Astana" компаниясының жолаушысы ұшақтың бортында шу шығарды. Желіде бойжеткеннің жолсеріктен өзін дұрстап тамақтандыруды сұраған шулы видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Total.kz

Фото: Total.kz

Видеодан тек тауықтан дайындалған тамаққа жолаушы қыз риза болмаған.

"Мені ештеңе алаңдатпайды. Біз адам емеспіз бе? Мен тыныштала алмаймын. Мені дұрыстап тамақтандыр", - деп айқайлаған бойжеткен.

Әуе компаниясы болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Компания қызметкерінің айтуынша, оқиға 19 қыркүйектен 20-на қараған түні КС 960 Сеул-Алматы бағытындағы ұшақ бортында орын алыпты.

Осыған дейін алты азамат экипаж мүшелеріне теріс сөздер айтып, өзгелерге қызмет көрсетуге кедергі келтірген.

Компания бұл жағдайдан кейін бортта алкогольді ішімдік ұсынудан бас тартқан.

Айта кетейік, видеода азаматша бортсерікке балағат сөздер жаудырып, физикалық қысым көрсететінін айтып қорқытқан.

Қазір, бойжеткенге байланысты ескерту акті толтырылған.

Ескерту! Видеода балағат сөздер кездеседі!!!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel