Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол полициясы көлікті қандай жағдайда тоқтата алмайды?

Опубликовано:

Парламент сенатының депутаты Ішкі істер министрлігіне жол полиция қызметкерлері берген айыппұлды төлеуді және жол бойында жүргізушілерді себепсіз тексеруді тоқтату туралы атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC
"Біздің қызметкерлер мұны өз ықпалынан тыс жасайды деп ойлаймын. Сіздердің әр қызметкерлеріңізді тұрақтан көрген жүргізушілердің үрейі ұшары анық", - деді сенатор парламенттің жоғары отырысында.

Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев пленарлық мәжілісте жол қызметкерлерінің себепсіз тоқтатуы дұрыс емес екенін атап өтті.

Вице-министр белгілі бір адамды іздестіру шарасында немесе ішкі істер министрі БАҚ арқылы ескертілген оқиғаларда ғана көліктерді себепсіз тоқтатуға болатынын ескертті.

"Біздің қызметкерлеріміз жол қозғалысы ережелерін анық бұзған жағдайда ғана тоқтата тұруға құқылы. Яғни жол ережесінің бұзылуына өзі куә болған немесе бейнетаспаға түсірілген жағдайда", - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, қызметтік көлікті пайдаланатын полицейлерді қалай қадағалайтынын атап өтті.

"Біз жеке іс-шаралар өткізіп, полицейлердің қызметтік көлікті пайдалануын және жол-патрульдік полиция қызметкерлерін тексеретін боламыз", - деді Тұрғымбаев.

Егер жоғарыда атап өткен оқиғалар анықталса, оларға қолданылар жаза да ауыр болмақ.

"Бұл жерде ешқандай ақталу кешірілмейді. Біз осы бағытпен жұмыс істейтін боламыз", - деді Турғымбаев.

Сондай-ақ, вице-министр полицейлердің сот орындаушыларымен бірігіп, айыппұл төлеу ісін тексеруге қатысатындарын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755078-zol-policiasy-klikti-kandaj-zagdajda-toktata-almajdy/

pixel