RU
Айдай сұлу қыздарды бір сәтте құбыжыққа айналдырған жігіттер кімдер?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Айдай сұлу қыздарды бір сәтте құбыжыққа айналдырған жігіттер кімдер?

Рассказать Вконтакте

Көркіне көз сүрінетін аруларды қызғаныштан құбыжыққа айналдырып жібергендер елді шошытты. Олар сұлулық эталондарының бетіне сірке суын шашып, кейбірінің көзін ағызып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Лаксми Саа. Фото:mgorod.kz

Лаксми Саа. Фото:mgorod.kz

Бетіне сірке суы шашылған арулар жантүршігерлік оқиғаны ешқашан ұмыта алмайды.

Себебі мұндай оқиғадан кейін бойжеткендерге пластикалық отаның өзі көмектеспеуі мүмкін.

Фото: Джессика Нотаро

Фото: Джессика Нотаро

Италиялық ару, "Мисс Италья 2007" атанған Джесика Нотароның бетіне бұрынғы сүйіктісі сірке суын шашқан.

Өйткені, бойжеткен жігіттің сезімдерінен бас тартқан екен. Ал жігіт өзіне қарамаған арудан осылай кек алыпты.

Джесика бүгінде ай сайын емі үшін 800 евро жұмсап отыруға мәжбүр.

Дана Вулин. Фото:mgorod.kz

Дана Вулин. Фото:mgorod.kz

2012 жылы австралиялық Дана Вулин өзінің тым қызғаншақ күйеуінің құрбанына айналды. Ол әйелін өзінің танысынан қызғанып, этиль спиртін құйып, шырпы жаққан.

Дана біраз уақыт комада ес-түссіз жатып, көптеген отаны бастан өткерген.

Кэти Пайпер. Фото: mgorod.kz

Кэти Пайпер. Фото: mgorod.kz

Ал 2008 жылы 35 жастағы Дэнни Линч есімді жігіт өзінің сүйгені, танымал модель Кэти Пайперді сілтімен күйдірген. Осыдан соң бойжеткен үшінші дәрежелі күйік алып, қабағы мен сол құлағының жартысынан, мұрнының біраз бөлігінен айырылған.

Сондай-ақ, көзі мен мойыны, қолы мен білектері күйіп қалған. Кэти үш жылда 80 отаны бастан өткерген.

Ал Дэнни өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Элеонора Кондратюк. Фото:mgorod.kz

Элеонора Кондратюк. Фото:mgorod.kz

Сочидің "Краса Сочи" атағын жеңіп алған Элеонора да осындай оқиғаны бастан кешірген.

Қызды өзіне қарата алмаған жігіт адам жалдап, 1999 жылы ғашығының бетіне сірке суын құйдырады.

Ол осы уақытқа дейін 300 пластикалық отаны бастан өткерсе де, бұрынғы келбетін қайтара алмаған.

Решма Куреш. Фото:mgorod.kz

Решма Куреш. Фото:mgorod.kz

Ал индиялық Решма Куреш туған ағасының құрбанына айналған. 18 жастағы қыз сол оқиғадан соң бір көзінен айрылып, денесінің біраз бөлігін күйдірген.

Ал өткен жылы ол келбетіне қарамастан, модельдік қызметке кіріскен. Ол осы арқылы адамдардың барлығы бірдей екенін дәлелдегісі келеді.
Шырын Мохамади. Фото:mgorod.kz

Шырын Мохамади. Фото:mgorod.kz

Шырын Мохамади өзіне құда түсіп келген жігіттен бас тартқанда 18 жаста болған.

Бірақ азаматтан мұндай шығады деп күтпеген ару оң көзі мен құлағынан айрылады.

Денесінің көп бөлігін күйік шалған. Оның пластикалық отаның көмегіне жүгіну процесі әлі күнге жалғасып келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
34
27
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel