RU
Ақтөбеде анасы бес жасар қызына менингит жұқтырған
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтөбеде анасы бес жасар қызына менингит жұқтырған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бес жасар қызына анасы менингит жұқтырған. Бұл туралы бас санитарлы дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: online812.ru

Көрнекі фото: online812.ru

Дәрігер балақайдың 20 қыркүйек күні ауырып, тиісті сараптамадан соң ауруханаға жатқызылғанын айтты.

"Бүгін 12:00-де лабороториялық зерттеудің нәтижелері анықталды. Олар "менингококты инфекцияның" бар екенін анықтаған", -деді ол.

Бекшиннің айтуынша, қызға менингитті анасы жұқтырған. Алайда келіншекте бұрындары ешқашан клиникалық ауру анықталмапты. Балабақша мен қыздың анасы жұмыс істейтін орында басқа ешқандай науқас тіркелмеген.

Онымен қоса, Қазақстанның бас дәрігері менингит белгілері байқалған сәтте өзін-өзі емдеумен айналысу қажеттігін айтты.

"Аурудың белгілері тұмаумен ұқсас келеді. Сол себепті, дәрігерлер клиникалық белгілерге нақты дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Бұл ретте диагнозды да, емдеуді де тек дәрігерлер айтуы керек", - деді Бекшин.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel