RU
Солтүстік Қазақстан облысында аққуды атқан астаналық азамат ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Солтүстік Қазақстан облысында аққуды атқан астаналық азамат ұсталды

Рассказать Вконтакте

Солтүcтік Қазақстан облысы Мамлютка қаласында полиция инспекторы аққуларды заңсыз атқан азаматты ұстады деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті
Source: UGC

"Аудан орталығын тексеру барысында полиция майоры Александр Рогачев орталық шетінен атылған оқтың дауысын естіген. Бұл ақпаратты естіген соң оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімі келіпті. Бұл уақытқа дейін полиция инспекторы Nissan автокөлігін басқарып отырған Астана қаласының 1987 жылғы тұрғынын ұстаған екен. Көлік салонында аңшылық қару да болған көрінеді", -деп хабарлады полици қызметі.

Мамлют ауданы Ішкі істер бөлімі басшысы, полици майоры Серік Әлжановтың сөзінше, жақында Астана тұрғыны Мамлютка қаласына досының үйіне қонаққа келіпті.

Таңертең ол көл жағасында жүрген аққуларды көріп, оларды атып алуды ұйғарған. Нәтижесінде, ол үш аққуға оқ жаудырған. Бұл әрекетін азамат аңшылыққа деген құмарлығымен түсіндірді.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты "Заңсыз аңшылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel