RU
ҚазҰУ студентінің өлімінен кейін барлық жатақханалар тексерілмекші
Жаңалықтар Қоғам

ҚазҰУ студентінің өлімінен кейін барлық жатақханалар тексерілмекші

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда студенттік жатақханаларда тұру тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Бұл шешімге ҚазҰУ студентінің өмірімен қош айтысқаны себеп болған. Туыстарының айтуынша, 19 жастағы Нұрдос Айтпаев пен оның курстасы шегуге арналған қоспадан уланған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: manshik.wordpress.com

Фото: manshik.wordpress.com

Білім министрлігі бұл мәселеге аса қатты назар аударып отыр. Алғашында, олар белгісіз заттың жатақханаға қалай кіргенін анықтамақ. Бұл сұрақ тікелей ҚазҰУ басшылығына жолданады.

Сондай-ақ, министрлік аталған мәселені басқа жоғары оқу орындарының әкімшілігімен де талқылауды жоспарлап отыр.

"Қазір оқу мен жатақханаға орналастыру, тағы басқа ұйымдастыру істері жүріп жатыр. Бұл жағдайдан соң біз аталған сұрақты министрлікті талқыладық. Енді жатақханада тұру тәртібі мен ұйымдастыру мәселесіне жауап беретін проректорлармен жұмыс істейміз",- деді Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel