RU
Назарбаев Душанбеге барып, Тәжікстан басшысымен кездесті (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Душанбеге барып, Тәжікстан басшысымен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев

Фото: Ақорда
Source: UGC

Мемлекет басшысы биылғы 28 қыркүйекте өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді.

Қазақстан президенті Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Назарбаев

Фото: Ақорда
Source: UGC

Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. 

"Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз", – деді мемлекет басшысы.  
Назарбаев

Фото: Ақорда
Source: UGC

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.

Тәжікстан президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.  

"Қазақстан – Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді", – деді Рахмон.
Назарбаев

Фото: Ақорда
Source: UGC

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді. 

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel