RU
Той кортежіне жылқымен шыққан жастар елді таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Той кортежіне жылқымен шыққан жастар елді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Бүгінде шаңырақ көтерген жастар өз тойларын ерекше өткізу үшін барын салады. Олар тіпті ел назарын өздеріне аудару үшін еш нәрседен тайынбайды да. Солардың бірі -кортежге жылқымен шыққан жас жұбайлар. Желіде тарап кеткен видео көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Олардың бір бөлігі жастардың ісін қолдап, шығынсыз кортежге ризшылығын білдірген. Ал екіншілері жастардың бұл ісін "қазіргі қоғамға сай емес" деп сынай жөнелді.

"Керемет", "Тойдың шығынсыз түрі. Әрі ерекше", "Ескі салтты жаңғыртып, әрі аз шығынмен-ақ кортеж жасап тастады", "Тіпті киіз үйлер де тұр", "Жарайсыздар", - деген қолдау білдірушілер.

Ал кейбір оқырман "Жылқы сасып, тойда қалай отырады", "Мыналары ұят екен", "Кімдер өздері?", "Әйелдер жылқыға осылай отырушы ма еді?", - деп наразылық танытқан.

Айта кетерлігі, бұл қызықты жайттың қашан және қайда болғаны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
52
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel