RU
Сәуле Әбединова шалбар киген тілшіге сұхбат бермеген Ахметованы сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Сәуле Әбединова шалбар киген тілшіге сұхбат бермеген Ахметованы сынға алды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Ақтөбеге барған жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова өңірлік журналиске шалбар киіп келгені үшін сұхбат бермей қойған болатын. Бауыржан Момышұлының келінін бұл ісі үшін танымал тележүргізуші Сәуле Әбединова сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Зейнеп Ахметова, Сәуле Әбединова. Фото:baq.kz,Mazhab.kz. Коллаж: NUR.KZ

Зейнеп Ахметова, Сәуле Әбединова. Фото:baq.kz,Mazhab.kz. Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл жайында кезінде "Ақжүніс" бағдаралмасын жүргізген тілші Facebook парақшасында мәлім етті.

"ТВ журналистері эфирге қалай болса, солай киініп шықса, ескерту жасауға, тіпті, ұрсуға да болатын шығар. Өйткені оларда нақты түсірілім уақыты алдын-ала белгіленеді.

Ал газет, журнал маңайында жүретін журналистер таңертең автобусқа (не көлікке) барынша ыңғайлы киім киіп шығуды ойлайды. Сол киіммен шапқылап жұмысқа жетеді. Сосын не баспасөз мәслихатына, не сұхбатқа шапқылайды.

Бір жиыннан шығып, екінші жиынға, не кездесуге үлгеруге тиіс күндер көп болады.

Дресс код аса қажет ететін, тіпті, талап ететін жер болмаса, журналистер қауымына "менің қалауыммен, менің талғамыммен киініп кел" деп талап қою - апамды қалай ақтасаңыздар да - дұрыс емес", - деген Әбединова оқиғаның бірнеше себебі болуы мүмкін екенін ескертті.

"Мүмкін, ол журналист бүгін бірінші күн жұмысқа шығып, бірінші рет бастығынан тапсырма алып, бірінші рет әбден дайындалып, бірінші рет сұхбат алатынына мәз боп жеткен шығар. Мүмкін, ол журналист - жұмыс іздеп, тәжірибеден өтіп жүрген студент шығар.

Тіпті ол журналистің басқа тәуір киімі жоқ, жағдайы жоқ шығар. Киімге қарап қарсы алып, киімді талқылайтын қоғам дәрежесінен өтіп, қашан өнер-білім-ғылымды осылай тартысты талқылар екенбіз?!", - деп аяқтады сөзін тележүргізуші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын ақтөбелік журналист батырдың келінінен сұхбат алу үшін кішкентай баласын жалғыз қалдырып, жазушыны сағаттап күткенін жазған еді. Алайда Зейнеп Ахметова оған шалбар кигені үшін сұхбат бермей қойған.

Сіздің реакцияңыз
23
2
3
3
0
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel