RU
Оңтүстік Кореяда көз жұмған сәбидің сүйегін туыстары елге жеткізе алмай отыр
Жаңалықтар Қоғам

Оңтүстік Кореяда көз жұмған сәбидің сүйегін туыстары елге жеткізе алмай отыр

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда ем алып жатып, қаза тапқан қазақстандық бүлдіршіннің денесін туыстары туған жерге жеткізе алмай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Кореялық дәрігерлер бес жасар Богданның әке-шешесінің ауруханаға 87 мың доллар қарыз екенін айтқан.

Ал ол қарыз толық өтелмейінше, баланың денесін алу мүмкін емес.

"Балам 30 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында жансақтау бөлімінде жатты. Мұндағы палатаның әр күні қымбат. Қазір бізге қайтыс болғаны туралы куәлік те бермей отыр. Ал 87 мың долларды төлемесек, баланың денесі де жоқ", - деді баланың әкесі Виктор Унру

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қатерлі ісікке шалдығып қайтыс болған Богданның денесін консулдықтағылар тек елге жеткізіп бере алады. Ал аурухана қарызын өтеу мемлекеттік бағдарламада қарастырылмаған.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel