RU
Павлодар облыстық ІІД бастығының жұбайы шетелдік азаматтың былығын әшкереледі
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облыстық ІІД бастығының жұбайы шетелдік азаматтың былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысындағы ІІД бастығы Амантай Әубәкіровтің жары Светлана Америка азаматы Александр Лидің мейрамханадан түскен пайданы қалай жымқырғанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр
Source: UGC

Светланың сөзінше, олар Александр Лимен ерте кезден жақсы қарым-қатынаста болған. Сондықтан орын алған жайттың барлығы адам сенгісіз деп отыр. Ол шетел азаматын "алаяқ" деп кінәлайды.

Шендінің жұбайының айтуынша, бұл бизнеске Амантай Әубәкіровтің еш қатысы жоқ. Себебі оны Ли мен досы Джеффри Соколин ашқан.

Ал Светлана әлгі үшінші құрылтайшымен бірге кәсіптің жүруіне қаржы салыпты.

Басқарушылық қызмет Лидің жауапкершілігінде болады. Бірақ ол мейрамханадан түскен пайданы өз қалтасына басып, құрылтайшыларға кәсіптің құрдымға кеткенін айтады.

"2017 жылға дейін біз табыс дегенді ұмыттық. Ли мырза әр нәрсені сылтауратып, кірістен гөрі шығыс көп деп айтып жүрді.Сосын ең басты құрылтайшымыз Америкадан ұшып келіп, бизнестің есеп-қисабын қарады. Ол қыруар қаражатты туысқандарына аударыпты. Көп ақшаны қалтасына басқаны анықталды. Еріксіз сотқа жүгіндік", - дейді Светлана Әубәкірова.

Құрылтайшыдан аузы күйген әйел америкалық азамат өз былықтарын жасыру үшін жұбайымның атағын пайдаланғысы келді деген тұжырымда.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ азаматы Павлодар облыстық ІІД бастығын рейдерлік басып алуға айыптаған еді. Айтуынша, олар Әубәкіровпен бірге бизнес ашып, кейінірек қазақстандық генерал оның бар тапқанын тартып алыпты.

Аталмыш дауға қатысты Ішкі істер министрлігі арнайы тексеру жүргізіп, облыстық ІІД бастығы тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмағанын анықтады.

Сондай-ақ, ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов та осы іске қатысты мәлімдеме жасады. Ол алты жыл бойы елордада қызмет еткен бұрынғы орынбасарының соты жайлы өз пікірін білдірді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel