RU
Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының делегациясы Өзбекстанның Хорезм облысына жасаған сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойды. 

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Атап айтсақ, Маңғыстау мен Хорезм облысының әкімдігі, Ақтау және Ургенч қаласының әкімдігі арасында (Өзбекстан Республикасы) экономикалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту мақсатында келісімге келді.

Меморандумға сәйкес, Ақтау және Үргеніш қалаларының әкімдіктері сауда-экономикалық, білім беру, туризм, жастар саясаты, денешынықтыру және спорт саласында ынтымақтастықты жүзеге асырмақ.

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Сонымен қатар, «Морпорт Ақтау» АЭА мен«Хазарасп» АЭА, Маңғыстау облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен Өзбекстан сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары: кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, сыртқы экономикалық және экспорттық қызметті ынталандыру, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және инвестиция тарту.

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Бұдан басқа, серіктестік қарым-қатынасты одан әрі дамыту және шекаралас өңірлер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша B2B кездесу өтті.

Маңғыстау облысындағы көкөністерді жеткізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі туралы ауызша келісімге қол жеткізілді. 

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бәсекелестік ортаны қалыптастыру және өңірдегі бағаны тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылық басқармасына өңірдегі көкөніс пен жеміс бағаларына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өзбекстандық әріптесі Фарход Эрмановты Маңғыстауға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Сондай-ақ, екі облыс арасындағы ортақ мәселелер оңтайлы шешілу үшін Ақтауда Өзбекстанның бас консулдығын ашу туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселені үкіметтік деңгейде көтеретін боламыз деді, тараптар.

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала: Тоғжанов бірнеше құжатқа қол қойды

Сапар барысында маңғыстаулық делегация Хорезм облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, «UZ XCMG» арнайы техника жинау (бульдозерлер, экскаваторлар), «Ургенч Текстиль» тоқыма зауыты, «UZ TEX» шұлық өндіретін автоматтандырылған зауыт жұмысымен танысты. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel