RU
Айсәуле Бақытбек қандай келін болады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек қандай келін болады?

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсауле Бақытбек "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келіп, өзінің сүйіктісі Әлішермен қарым-қатынасы жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуленің айтуынша, ол сүйгенімен өзінің 18 жастағы туған күнінде танысыпты. Арада төрт жыл өткенде Әлішер дәл сол күні Шымбұлақта Айсәулеге ұсыныс жасаған.

Бағдарлама барысында бойжеткен өзінің болашақ енесіне сәлем жолдап, алдағы отбасылық өмірі жайлы айтып берді.

"Болашақта біз ата-енемізбен бірге тұрамыз ба, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз", - деген бойжеткен эфирде бағдарлама жұргізушісіне шәй құйып берген.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Айсәуленің орамал тағып, халат киген видеосы желіде қызу талқыға түскен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel