RU
Туған әкелерін өлтірген үш бойжеткен сот залынан босап шықты
Жаңалықтар Қоғам

Туған әкелерін өлтірген үш бойжеткен сот залынан босап шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын туған әкесін өлтірді деп айыпталған ресейлік үш сұлуға қатысты сот үкімі шықты. Әкесінен "азап" көрген қыздар оны пышақтап өлтірген деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хачатуряндар. Фото:today.kz

Хачатуряндар. Фото:today.kz

Апалы-сіңлілі Хачатуряндар 57 жастағы Михаил Хачатурянды көп жерінен пышақтап өлтірген. Тергеу уақытында бойжеткендер туған әкелерін өлтіргендерін мойындаған болатын.

Жаға ұстатарлық оқиғаға кінәлілер әкелерінің тым қатал болғанын, өздеріне көрсеткен жәбірін, зорлағанын айтқан.

Бойжеткендер 2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін сот залынан босап шыққан. Олардың екеуі Мәскеудегі жалдамалы пәтерге ауыстырылса, біреуі муниципалды пәтерге орналастырылды.

Сондай-ақ, сот шешімімен үш қыз 21:00 мен 07:00 аралығында тұрғылықты жерін тастап кете алмайды. Сонымен қатар оларға өзгелермен араласуға, телефон, интернет байланыстарын пайдалануға, өзара сөйлесулеріне тыйым салынған.

Айта кетейік, сот отырысы жабық режимде өткен.

Естеріңізде болса, тамыз айында 57 жастағы ер адам өз үйінен 30 жерінен пышақталған күйінде табылған болатын. Кейінірек оны туған қыздары өздерін "зорлағаны" үшін өлтіргені анықталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
7
0
2
2
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel