RU
Шымкентте көз жұмған полицей бедеуліктен емделіп жүрген болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте көз жұмған полицей бедеуліктен емделіп жүрген болып шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі жекеменшік ауруханада қайтыс болған полицейдің бедеуліктен емделіп жүргені белгілі болды. Бұл туралы оның туыстары айтып берді деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Туыстарының сөзінше, 30 жастағы азамат бес жыл бойы бала сүйе алмаған соң, бедеуліктен арылу үшін емделіп жүрген.

Ол үшін полицей жекеменшік аурхананың көмегіне жүгініпті. Ол жақта дәрігерлер азаматқа арнайы препараттар жазып берген.

Нұршат Байшымырова. Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Нұршат Байшымырова. Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Аталған екпелерден соң емделушінің жағдайы нашарлап, ойда-жоқта қайтыс болып кеткен.

"Бұлшық еттерге осы екі екпені салсақ, сіздің әйеліңіз бала көтереді деген. Ал әйелі гинекологқа барған, оның бұлшық етіне алты екпе салыпты. Осы уақытта марқұм "Әсия, мен бүртүрлі жаман болып тұрмын", - деп айтыпты. Осы мезетте дәрігер оны тақтай төсекке жатқызып, тамызғыш дәрі құя бастаған. Сол уақытқа ол жан тәсілім етіпті", - деді Нұршат Байшымырова.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Олар азаматтың Шымкенттегі ішкі істер департаментінде жұмыс істегенін анықтапты.

Полицейлер препараттардан қажетті бөлігін алып, медицина қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғады.

Ал медициналық мекеме қызметкерлері марқұмның оларға бірінші рет бармағанын айтып, ақталған. Олардың сөзінше, азамат оқиға болмас бұрын 20 күн алдында ұқсас екпелердің сынамаларын салдырып жүріпті.

Ол уақытта азаматтың бойынан ешқандай кері әсерлер байқалмаған екен.

Қазірше өлімнің нақты себебі анықталмаған. Ал медицина қызметкерлі оны ұйыған қаннан көз жұмды деп топшылауда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel