RU
Қазақстан туын ЛГБТ жалауына айналдырған азамат елді шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан туын ЛГБТ жалауына айналдырған азамат елді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Қазақстанның туын ЛГБТ жалауына айналдырған Олег Иванов есімді гей жігіттің суреті қызу талқыға түсуде. Швецияға қоныс аударған қазақстандық азаматтың суретін Жан Король есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мемлекеттік рәмізді өзінің жеке қажеттілігіне пайдалану барып тұрған бассыздық", - дейді Жан өз жазбасындща.

Бұл сурет желі қолданушыларының да ашуын келтірген.

"Өзінің кімді ұнататыны өз шешімі. Ал елдің туын пайдаланып не керек?", "Балконға ту жайғаны үшін айыппұл төлетеді. Мынау қалай бостандықта жүр", "Жазалау керек", - деді бұл суретке наразылығын білдірген оқырмандар.

Бұл мәселеге заңгер Шыңғыс Беріш құқықтық баға берді. Ол мемлекеттің туын өзгертуді және кейіннен қолдануды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 418-бабының екі бөлігін бұзу болып табылатынын айтты.

Адвокаттың айтуынша, Иванов пен компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен ұлттық стандарттарына қайшы келетін әрекет жасаған. Мұндай іс үшін жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

Егер ережені бірнеше рет бұзылса, жеке тұлғаларға айыппұл мөлшері 50 АЕК-ке дейін өседі.

Айта кетейік, еліміздің туын пайдаланған гей-парад 2017 жылы Стокгольм қаласында өткен.

Сіздің реакцияңыз
6
2
6
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel