RU
Дәрігерлер жүрегіне 5 сағат массаж жасаған бала өлім аузынан қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дәрігерлер жүрегіне 5 сағат массаж жасаған бала өлім аузынан қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Чанчжоу қаласында ауыр дертке шалдыққан баланың жүрегі тоқтап қалған. Алайда адам сенгісіз әрекетке барған дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды деп хабарлайды unian.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk

Сегіз жасар Сяо Юйден дамыған миокардит анықталған. Ауру салдарынан демі үзілген балақайдың жүрегіне дәрігерлер бес сағат бойы жүрек массажын жасапты.

Бұл процесті 30-ға жуық дәрігер кезек-кезегімен орындаған. Олар баланың кеуде қуысын 30 мың рет басқан екен.

Ақ халаттылар барын салып тырысқан отаның көмегі тиіп, сәби аман қалыпты.

Қазір оның жағдайы жақсы. Бүлдіршін балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
24
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel