RU
"Зың" басшылар: Қазақстандық атышулы әкімдер несімен ел есінде қалды?
Жаңалықтар Қоғам

"Зың" басшылар: Қазақстандық атышулы әкімдер несімен ел есінде қалды?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ел білетін әкімдері көпшілік алдында күтпеген жерден мәлімдеме жасап, халықтың қызу талқысына түсіп жатады. Олардың бірі "зың" қала деп айды аспанға бір-ақ шығарса, енді бірі "самая вышка" деп ән салды. NUR.KZ назарларыңызға қазіргі және экс-әкімдердің ел есінде қалған атышулы мәлімдемелері мен көпшіліктің қызу талқысына түскен "әрекеттерін" ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Атышулы мәлімдемелерімен елдің қызу талқысына түсіп, өзін "ыңғайсыз жағдайға" қалдыратын әкімдердің бірі – Бауыржан Байбек.

Ол былтыр күзде Алматыда "500 теңгеге" тамақтануға болады" деп көпті таң қалдырса, биыл оңтүстік астананың қақ ортасында "Алып тиін" орнатып, тағы да елді шулатты.

Көпшілік Алматы әкімін тіл байлығы зор, өзіне сендіре алатын білікті басшы деп таниды.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Былтыр Астанаға ауысып, кейін Шымкентке әкім болып қайтып барған Ғабидолла Әбдірахымов болса көптің есінде "зың" әкім болып қалды.

Ол Шымкентті "зың қалаға" теңеп, шенеуніктерді велосипедке отырғызуымен есте қалған еді.

Фото: Forbes.kz

Фото: Forbes.kz

Шымкенттің "зың" әкімінен Астананың экс-әкімі Әсет Исекешев те қалыс қалмады. Ол елорданы "Самая вышка" деп әнге қосты.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Тағайындалғанына аз уақыт өтсе де, наурыз мерекесінде ұлттық киіммен көптің алдына шыққан Павлодар облысының әкімі де көптің ыстық ықыласына бөленген еді.

Айта кетерлігі, облыс басшыларының ішінде көптің алдына алғаш рет қазақы киімде шыққан дәл осы Болат Бақауов еді.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Әкімдердің ішінде жасы үлкені әрі ел билігінде сан түрлі қызмет атқарған Даниал Ахметов те ел есінде түрлі мәлімдемелерімен қалды.

Ол былтыр Голливуд жұлдыздарын қыруар қаражат беріп, елге шақырды деп сынның астында қалған еді.

Сондай-ақ, әкімнің биыл көктемде үйін су басқан тұрғынға жекіп тастаған сәті де көптің қызу талқысына түсті.
Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Ел арасында көп жүріп, халықпен жиі жолығатын әкімдердің бірі – Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы жуырда ғана Ақтөбе облысында елімізде алғашқылардың бірі болып "Анаға тағзым" мұражайып ашып, көпті сүйсінткен болатын.

Ал Астананың 20 жылдығына тарту ретінде ұсынылған "Бейбітшілік қабырғасын" керісінше, көпшілік сынап тастаған. Астаналықтарға лед-экранның тура ескерткіштің астында болғаны ұнамаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel