RU
Виктор Храпунов 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Виктор Храпунов 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайына мемлекеттік мүлікті иемденіп, ұрлау айыптаулары бойынша қаралған сотта прокурор 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Виктор Храпунов. Фото:today.kz

Виктор Храпунов. Фото:today.kz

"Виктор Храпуновты айыпты деп танып, мүлкін тәркілеуді және мемлекеттік қызметтерде 7 жылға дейін жұмыс істей алмауын, сондай-ақ, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді сұраймын ", - деді прокурор.

Сондай-ақ, прокурор сотқа Виктор Храпуновтың барлық марапаттаулары мен ордендерінен айыруды ұсынды.

Ал Храпуновтың жары Ләйлә Храпуноваға 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ұсынса, Айяр Ілиясовқа 8 жыл беруді сұрады.

Айта кетейік, Храпуновтың ісіне осыған дейін 200-ден аса куәгер қатысқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel