RU
Мінсіз мүсінді "Ирак аруын" Бағдатта өлтіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Мінсіз мүсінді "Ирак аруын" Бағдатта өлтіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Ирак астанасы Бағдат қаласында 30 жастағы модель Тара Фаресті өлтіріп кетті. Ол 2015 жылы сұлулық ханшайымы тәжін жеңіп алған болатын деп хабарлайды РИА Новости.

Модельді өз көлігінде отырған жерінен бірнеше рет тапаншамен оқ атып өлтірген.

Айта кетерлігі, Тара Фарес алғаш болып "Ирак аруы" атағын алған болатын.

Байқаудағы жеңісінен кейін бикеш біршама уақыт Еуропада тұрған. Оның өз Отанына оралғанына көп болмапты.

Фарестің әлеуметтік желіде екі миллионан астам оқырманы болған. Оның ашық киіммен түскен суреті көпшіліктің назарын аудармай қоймайтын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel