RU
Шымкентте үш жасар қыздың өлімінен соң 14 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте үш жасар қыздың өлімінен соң 14 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар емханасында көз жұмған үш жасар қыздың ісіне қатысты 14 медицина қызметкері жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com
Source: UGC

9 қыркүйек күні іші ауырып, құса берген бүлдіршін екі рет жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Алайда әжесі балақайды ауруханаға жатқызудан екі ретте де бас тартыпты. Сол күні кешке қыздың ауыруын тоқтата алмаған қария амалы қалмастан ауруханаға келген екен. Сол кезде балақайға "Тамақтан улану токсокоинфекциясы" диагнозы қойылыпты.

10 қыркүйек күні бүлдіршіннің жағдайы нашарлап, жан сақтау бөліміне ауыстырылған. Ақ халаттылар қыздың өмірін құтқарып қала алмапты.

Туыстары баланың денесіне тексеру өткізуден бас тартып, медицина қызметкерлеріне ешқандай шағымы жоқ екені туралы қолхат жазып қалдырған.

Осы оқиғадан соң Шымкенттің инфекциялық ауруханасында 14 қызметкер жауапқа тартылған. Нақтырақ айтсақ, аурханадан екі медбике мен инфекционист-дәрігер жұмыстан қуылып, тоғыз қызметкерге сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, аурухананың бас дәрігері мен емдеу ісі жөніндегі орынбасары да қатаң сөгіс алды.

Ал марқұм мен оның анасы бір күн суши мен пицца жеп, уланған болып шыққан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel