RU
Малайзияда жалғызбасты ана жыныстық қызметі үшін қатал жазаға кесілді
Жаңалықтар Әлемде

Малайзияда жалғызбасты ана жыныстық қызметі үшін қатал жазаға кесілді

Рассказать Вконтакте

Малайзияның діни соты жыныстық қызмет көрсеткен әйелді таяқпен ұрып, түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Oxu.az

Фото: Oxu.az
Source: UGC

"Бұл істе жәбірленуші тараптың жоқтығына қарамастан, әйелдің әрекеті қоғамға теріс әсер етті. Ол жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды таратып, жастарға жаман жағынан үлгі болды", - дейді прокурор Мохамад Абдулла.

30 жастағы жалғызбасты ананы полиция қызметкерлері қонақүйлердің бірінде қылмыс үстінде ұстаған. Ол баласын асырау үшін осындай қызмет көрсетіп жүргенін айтып ақталыпты. Себебі бұрынғы күйеуі оларға алимент төлемей келген.

Осыған қарамастан сот әйелді алты айға бас бостандығынан айырып, оны таяқпен сабауға шешім шығарды.

Айта кетейік, халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын Малайзияда сот төрелігінің екі түрі бар. Ол мемлекеттік және діни деп бөлінеді. Мемлекеттік заңнамаға сәйкес, әйелді таяқпен сабауға болмайды, бірақ кейбір штаттарда діни құқық оған рұқсат береді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel