RU
Назарбаев Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Душанбе қаласында Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Source: UGC

Кездесу барысында екі елдің арасындағы серіктестік пен алдағы уақыттағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы туралы сөз болды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Source: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін айтып өтті.

"Қазақстан мен Арменияның қарым-қатынасы әрдайым жақсы болған. Екі елдің арасындағы сауда айналымының өзі өткен жылы 60 пайызға артқан еді. Бұл тенденция қазір де сақталып отыр. Біз бұл көрсеткішпен тоқтамауымыз керек. Екі елдің басшылығы ары қарай серіктестікті нығайту үшін күш салуы керек", -деді Қазақстан президенті.

Өз кезегінде Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекетаралық байланысқа қатысты сұрақтарды талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel