RU
Биыл дүркітеріп той жасаған танымал тұлғалар кімдер? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Биыл дүркітеріп той жасаған танымал тұлғалар кімдер? (фото)

Рассказать Вконтакте

Жаз басталасымен шаңырақ көтеріп, өздерінің ерекше тойларымен ел назарына ілінген қазақстандық тәтті жұптар жетіп артылады. Олардың арасында сенатор Дариға Назарбаеваның қызынан бастап, биыл ғана сүр бойдақ өмірімен қош айтысқан танымал тележүргізуші Асқар Меңдібаев та бар. NUR.KZ биылғы жылдың атышулы тойларын назарларыңызға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Естеріңізде болса, биыл маусым айында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немесері Венера Назарбаева тұрмыс құрған еді. Ол семейлік Шайжүнісовтер әулетінің келіні атанып, жас жұп тойларын Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінде өткізген еді.

Фото: YouTube

Фото: YouTube

Ел назарына іліккен тағы бір той иелері – танымал тележүргізуші Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова болды. Екінші рет үйленген тележүргізушіні көпшілік сынап тастаған еді. Алайда, жас жұп елдің сынына қарамастан, отандық бағдарламаларға қатысып, өздерінің бақытты екендіктерін айтуда.

Фото: Brod.kz

Фото: Brod.kz

Көптің сынына қалған тағы бір той – әнші Абай Бегейдің тойы болды. Ол хиджабтағы аруды өзіне жар етіп, дүркіретіп той жасаған еді. Көпшілік екінші рет үйленген әншіні неліктен ауқымды той жасады деп сынның астына алған еді.

Фото: YouTube

Фото: YouTube

Көптің қызу талқысына түскен келесі бір той – тақырбас келін мен оның келбеті келісті жолдасының үйлену тойы болды. Жұбайлар биылғы жазда дүркіретіп той жасап, көпті шулатқан еді.

Көпшіліктің көптен күткен тойының бірі – атышулы Жанерке Елшін мен сүйіктісі Еркебұланның үйлену тойы болды. Жанерке ұзату тойын Павлодарда өткізсе, қалаулымдықтардың үлкен тойы – Еркебұланның туған қаласы Сәтпаевта өткен. Бүгінде ерлі-зайыптылар Сәтпаевқа қоныс аударған көрінеді.

Атышулы тойлардың тізіміне белгілі әзілкеш Мереке Бауыржанқызының да тойы енген. Бойжеткен өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, көптің қызу талқысына түскен еді.

Cол сияқты өз сүйіктісіне биыл ғана үйленіп, дүркіретіп той жасаған танымал тележүргізуші Асқар Меңдібаевтың да үйлену тойы ел аузында болды. Бір қызығы тележүргізуші өзінің сүйікті жарын телеарнада тапқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel