RU
Пілді суретке түсірмек болған туристі аң таптап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Пілді суретке түсірмек болған туристі аң таптап кетті

Рассказать Вконтакте

Зимбабведе пілді суретке түсірмек болған турист әйелді алып аң таптап кетті. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: oxu.az

Көрнекі фото: oxu.az
Source: UGC

Оқиға саяхатшылар көптеп келетін Мана-Пулс саябағында 26 қыркүйек күні орын алған. 45 жастағы әйел пілдер табынын суретке түсірмек болғанда, оның астында қалып қояды.

"Біз пілдің неліктен ашуланып, әйелге тап бергенін білмейміз. Белгілісі, турист жануарларды суретке түсірмек болған", - дейді Ұлттық парк өкілі Тинаше Фараво.

Айта кетейік Мана-Пулс саябағы Замбези өзенінің жағасында орналасқан.

Жердің қуаңдануына байланысты арнайы қорғалатын аймақта қара мүйізтұмсық, африкалық піл, қолтырауын, арыстан, ққасқыр, су сиыры сияқты жануарлар көбейген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel