Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбул әуежайында Қазақстан азаматы екінші қабаттан секіріп кетті

Опубликовано:

Стамбулдағы «Ататүрік» әуежайының екінші қабатынан ер адам секіріп кетті. 24.kg хабарлауынша, секірген адам Қазақстан азаматы.

Фото: 724hoteltransfer.com
Фото: 724hoteltransfer.com: UGC

Бастапқы мәліметтерде суицид жасамақ болған адам Қырғызстан өкілі деп көрсетілген. Алайда, кейін бұл ақпарат жоққа шықты.

«Азаттық радиосының» хабарлауынша, оқиға 27 қыркүйекте болған. Өкінішке қарай, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ота кезінде оның жүрегі тоқтап қалыпты. Қазіргі сәтте сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1755290-stambul-uezajynda-kazakstan-azamaty-ekinsi-kabattan-sekirip-ketti/

pixel