RU
Павлодарда банк қызметкері ауруханада жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда банк қызметкері ауруханада жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 24 жастағы банк қызметкері ауруханада көз жұмды. Кішкентайынан демікпесі бар Асхат Сүйішпаевтың туыстары бұл жайтқа дәрігерлерді айыптауда деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда банк қызметкері ауруханада жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Кадр КТК арнасынан алынды

Жастайынан демікпемен ауыратын Асхат осыдан бір апта бұрын ағасына ем-дом алып жүргенін айтып, хабарласқан екен. Бірақ оның емі ұзаққа созылмапты. Туыстары WhatsApp желісі арқылы бауырына сап-сау күйінде хат жазып отырған Асхаттың аз уақыттан соң көз жұматынын мүлдем сезбеген.

Сол себептен марқұмның ағасы оның өліміне дәрігерлерді кінәлі деп отыр. Мәселен, олар инфузия кезінде Асхаттың жағдайын ешкім бақылауда ұстамағанын айтуда.

Қазіргі таңда бұл жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Дегенмен, дәрігерлер марқұмның туыстарымен келіспейді. Олар дәрігерлер тиісті көмек көрсеткенімен, жағдайы күрт нашарлап кеткен жігітті құтқару мүмкін болмағанын ацтады.

Айта кету керек, Асхат 24 жаста болғанымен, қаладағы банктердің бірінде жетекшілік қызмет атқарған екен. Ол жуырда отбасын құруды жоспарлап жүрген.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel