RU
Жамбыл облысында екі отбасы келіндерінің өлімі үшін, бір-бірімен соттасып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында екі отбасы келіндерінің өлімі үшін, бір-бірімен соттасып жатыр

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында құдандалы болған отбасылар келіндерінің жұмбақ өлімі үшін, бір-бірімен соттасып жатыр. 21 жасында тұрмысқа шығып, жолдасының үйіне көшіп барған бойжеткен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Келін қылып түсірген отбасы оны өз-өзіне қол салды десе, арудың жақындары оған сенбейтіндіктерін жеткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасынан

Кадр КТК арнасынан
Source: UGC

Осыдан бір жыл бұрын өз теңін тауып, тұрмыс құрған Гүлнұр Тұрдалы жолдасының үйіне көшіп, жергілікті мектептердің біріне жұмысқа тұрыпты. Бастапқыда бәрі жақсы болғанымен, уақыт ұзамай ол отбасында кикілжіңдер туа бастағанын айтқан.

"Мен оның өз-өзіне қол салғанына сенбеймін. Күйеуі, оның әпкесі мен енесі қызымның өліміне кінәлі деп санаймын. Олар сол күні не болғанын айтпай отыр. Бәрі жақсы дейді, бірақ оған сенбеймін.
Қызым өте ақкөңіл, мейірімді болатын. Ондайға баруы мүмкін емес. Оларға қызымды сеніп тапсырдым, ал олардың істеп отырғандары мынау",-деп жанайқайын жеткізді марқұмның анасы.

Жақындарының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін Гүлнұр күйеуінің отбасынан қашып, өз үйіне келген екен. Алайда, жолдасының туыстары оған соңғы сөздерін айтып, қайтарып алған көрінеді. Ал бір күн өткеннен кейін, арудың туыстарына оның көз жұмғанын хабарлаған.

Гүлнұрдың жолдасының туыстары болса сол күні әдеттегідей тамақтануға дайындалып жатқандықтарын айтқан. Ал, Гүлнұр өз бөлмесіне кіріп кетіпті. Кейін келіндерінің бөлмесіне кіргенде, олар оны өлі күйінде тапқандықтарын жеткізген. Ол өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Марқұмның жанында өзін пышақтаған пышақ та жатыпты.

"Біздің оған түк қатысымыз жоқ. Ештеңе жасырып та отырған жоқпыз. Отбасымыз қайғылы жағдайға кінәлі емес. Айтылған отырған айыптың бәрі жалған",-дейді марқұмның енесі Гүлнар Садырқұлова.

Келін боп түскен үйдің көршілерінің айтуынша, жанұя берекесі кетпеген, қарапайым отбасылардың қатарынан екен. Әзірге, полицейлер де аруды өз-өзіне қол жұмсады деп болжап отыр. Қазіргі таңда "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
14
4
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel