RU
Қарапайым қала тұрғындарымен бірге автобуста жүрген Қарағанды әкімі көпті сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарапайым қала тұрғындарымен бірге автобуста жүрген Қарағанды әкімі көпті сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров қарапайым қала тұрғындарымен бірге автобуспен жүріп, көпті сүйсінтті. Қала тұрғындары шаһар басшысын видеоға түсіріп желіге жүктеген деп жазады ekaraganda.kz.

Фото: Imperiya.by

Фото: Imperiya.by

Қала әкімін қарағандылықтар бірден таныған. Олар оны видеоға түсіріп, желіге жүктеп үлгерген.

Басылымның мәліметінше, қала әкімдігі де аталған жайтты растап отырған көрінеді. Олар әкім таңғы сағат 8-де Сортировкадан шығып, бір жарым сағаттан кейін "Оңтүстік-шығыс автобекетінен" түскенін айтқан.

Айта кетерлігі, аталмыш маршрут қазан айының 1-інен бастап Сортировка Майқұдық арасында жүреді екен. Шаһар басшысы Нұрлан Әубәкіровке аталмыш бағытта автобуспен жүруді облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі тапсырған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel