RU
Астанада жатақхана контейнерінде өрт шығып, бір адам қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жатақхана контейнерінде өрт шығып, бір адам қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада бүгін түнде жатақханаға арналған контейнерлерде өрт шығып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ТЖК баспасөз қызметі
Source: UGC

Төтенше жағдай Алаш көшесінде орын алған. Белгілі болғандай, өрт шыққан контейнерлерде қоқыс өңдеу зауытының жұмысшылары тұрыпты.

Фото: ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ТЖК баспасөз қызметі
Source: UGC

Оқиға орнына 20-дан астам өрт сөндірушілер келген. Алапат өрт тек таңғы бестерде ғана толығымен өшірілген.

Контейнерлердің бірінен құтқарушылар 28 жастағы жұмысшының өлі денесін тапқан. Марқұм Өзбекстан азаматы болып шыққан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel