RU
Сингапур билігі халыққа 500 миллион доллар таратпақ
Жаңалықтар Әлемде

Сингапур билігі халыққа 500 миллион доллар таратпақ

Рассказать Вконтакте

Сингапур билігі кәмелет жасына толған елдің 2,8 миллион тұрғынына ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін, 511 миллион доллар үлестірмек үлестірмек деп жазады РИА Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tcc.com.ua

Фото: tcc.com.ua
Source: UGC

Аталған қомақты қаржы халықтың 2017 жылғы тапқан табысына байланысты беріледі деп күтіліп отыр.

Сингапур билігі қаражат үлестіретін тұрғындарды үш топқа бөлген. Бірінші топқа 2017 жылы табысы 28 мың сингапур долларынан аспаған жандар кіріп отыр. Оларға үкіметтен 300 сингапур доллары берілмек.

Екіенші топқа табысы 100 мың сингапур долларынан аспайтын тұрғындар кірген. Олар 200 сингапур долларын иемденбек. Ал үшінші топқа табысы 100 мың сингапур долларынан асатын жандар енген. Оларға ел билігі 100 сингапур доллары көлеміндегі сыйақы бермек.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Сингапур экономикасының өсу көрсеткіші 3,6%-ды құраған. Ол ел билігі болжаған межеден екі есе артық көрсеткіш екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel